Ұжымдық жиын
18.01.2024жыл Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің “Еркетай бөбекжай” ЖБҚ МКҚК- да ұжымдық жиын өтті. Жиынға бөбекжайымыздың педагогтары мен қызметкерлері, қамқоршылық кеңес мүшесі Сариев Қуандық және депутат Жаулыбаев Еркебұлан қатысты. Күн тәртібінде:
1. 2023 жылға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаржының игерілуі туралы есеп /Бөбекжай директоры Ж.О.Кулбаракова/
2. ”Еркетай бөбекжай” ЖБҚ МКҚК-ның кәсіподақ ұйымының жылдық есебі /Кәсіподақ төрайымы А.К.Оразова/
3. Педагогикаоық әдеп туралы /Әдіскер Н.Б.Сарманова/
Бөбекжай директоры 2023жылғы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі, жұмыстардың жүргізілген қорындысын нақты цифрлар мен дәлелдерді келтіре отырып есеп берді.
Кәсіподақ төрайымы жыл бойыга атқарылған жұмыстар, қызметкерлердің аударған жарнасының жүйелі жұмсалуы жөнінде баяндады.
Педагогикалық есеп бойынша әдіскер өз кезегінде мұғалім мәртебесі, әдеп және морольдық ереже қағидалары тұрғысында түсінік берді. Жиын қатысушылардың, қызметкетлердің сұрақтарына жауап, пікір, ұсыныстар мен қортындыланды. 2023жыл бойынша атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.





