Тауда демалу және туристік сапарлардағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері

«ЕРКЕТАЙ» бөбекжайы» Жедел басқару құқығындағы МКҚК

Тауда демалу және туристік сапарлардағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері

Тауда демалу және туристік сапарлардағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері мыналар:

— Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында таулы жерлерге шықпаған жөн. Таулы жерге демалуға барар алдында ауа-райы болжамын анықтаңыз.

— Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қараңыз.

— Жарақат алмау мақсатында тік беткейлерге көтерілмеңіз. Құлап кетіп, жарақат алу мүмкіндігі бар.

— Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.

— Өзіңізбен бірге компасыңыз болсын.

— Егер сіз топта немесе достар компаниясында саяхаттасаңыз бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық аптечканы алып жүріңіз.

— Егерде өзіңіз білмейтін таулы аймақтарда демалуды жоспарласаңыз, сол таулы аумақты білетін адамдармен бірге шыққан жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша таулы жерлерге жолсеріксіз бармаңыз.

Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.